Коммунальное государственное учреждение
Шульбинская средняя общеобразовательная школа
отдела образования по городу Семей"
управления образования области Абай
Телефоны приемной:
+7(722) 57-21-023
+7(722) 57-21-023
Версия для
слабовидящих
“Шүлбі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальную страницу КГУ “Шульбинская СОШ”
13
май
2025

Информация "Последний звонок"

Құрметті мектеп директорлары!
Оқу жылының аяқталуына да аз ғана уақыт kaldы.
Жыл бойы білім беру мекемелеріңіздегі оқушыларыңыз әртүрлі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар байқауларында, шығармашылық және спорттық сайыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бұл – Сіздердің ұйымдастырушылық қабілеттеріңіздің, білікті басшылықтарыңыздың және ұжым еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Сіздерге осы бағыттағы қажырлы еңбектеріңізге алғысымды білдіремін.

Оқу жылының қорытынды кезеңінде білім беру ұйымдарында төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлулеріңізді сұраймын:
1. Балабақша, бөбекжайды аяқтаушылар. 4, 9, 11-сынып оқушыларынан ақша жинауға жол берілмесін.
2. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, тәрбиешілерге қандай да бір сыйлықтар қабылдау, а немесе оны ұйымдастыруға тыйым салынады.
3. Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақырып, коммерциялық іс-шаралар өткізуге болмайды;
4. Мектептің, балабақша бөбекжайдың ішкі жөндеу жұмыстарына ата-аналардан немесе оқушылардан қаражат жинау фактілеріне қатаң тосқауыл қойылуы тиіс.
5. Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуына жол берілмесін;
6. Ойын-сауық орындарына (мейрамхана, сабақ т.б) бару арқылы жаппай іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады;
7. Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру іс-шараларына рұқсат етілмейді.

Құрметті әріптестер!
Әрбір білім беру ұйымының ең басты міндеті – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Осы талаптардың орындалуын қатаң бақылауға алуларыңызға және ұжымдарыңызға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын.
Егер жоғарыда аталған талаптардың бұзылу фактiлерi анықталса (фото, видео дәлелдер болған жағдайда) құқық қорғау органдарына хабарласуға құқылы екенiн назарларыңызға саламын!
Талаптардың орындалуына жауапкершiлiк тiкелей мектеп басшысына жүктеледi!
Жаңасемей ауданы бiлiм бөлiмiнiң басшысы Нұржан Нұрланұлы 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив